Әр жазда қайталанатын бірдей оқиға: краннан ыстық судың орнынан мұздай суық су ағады. Бәріміз күрсінеміз: «Тағы да осы гидравликалық сынақтар!». «Сынақтар» сөзін ұмытып, тура біздің жыл сайынғы техникалық тексеріс, деп айтайық. Бұл сол тексеріс, Солтүстік Қазақстанның суық қысында біздің үйлеріміз тоңбайды деп, кепілдік береді.

Біздің жылу желілер-бұл біздің автокөліктер, деп ойлайық. Егер оларды жазда тексермесек, олар міндетті түрде қолайсыз сәтте сынуы мүмкін. Бұл қалай істеледі? Су қыбырларға қатты қысыммен айдалады. Бұл әлсіз жерлер қыста емес, қазір төтеп бермеуі үшін маңызды. Өйткені, соққы бергенге дейін, жауды табу керек, мысалы Н. Погодин ат. театр ауданында. Кейде біз мұның болып жатқанын, көреміз. Бұл жазда залалсыздандырған, дәл сол «минаның» өзі. Сандар өздері үшін сөйлейді: 2025 жылдың мамырында бірінші тексерістен кейін Петропавлда 93 жасырын зақымдану табалды. Егер осы «жаралар» қаңтар айында анықталса, не болатынын елестетіп көріңізші.

Жұмыс неге созылып кетті? Біреу жақсы жұмыс істегендіктен емес. Жер астында схемада көрсетілгендей бола бермейді. Асфальтты қопарғанда, құбырды жамау мүмкін емес, толығымен ауыстыру қажет. «Кейде құбыр қабырғасының қалыңдығы 2-ден 4 миллиметрге дейін болады.Бұл сыни жағдайды растайды»-деп, «Петропавл жылу Жүйелері» ЖШС бас директорының міндетін орындаушы Виталий Холоша түсіндірді.

Неге екі рет тексереді? Абсалютті сенімділік үшін.

  1. Біріншы сынақ -бұл «бас тексеру». Бұл жасырын мәселелерді ашады және жылу энергетиктеріне қай жерде және нені өзгерту керектігі туралы нақты жоспар береді.
  2. Екінші сынақ – «бақылау тексеріс». Жөндеу жұмыстары ар-ұжданмен жасалғанына көз жеткіздік? Жүйені іске қосуға болады. Осы жылы екінші сынақтан кейін 12 ақау анықталып, жойылды.

Ыстық су үйлерге тезірек қайта берілуі үшін тұрғындар қандай көмек көрсете алады? Кедергі келтірмеу, көмектесу керек.

1.Жұмыс аймақтарында қауіпсіздікті сақтаңыз. Люктарда және қоршауларда автокөліктерді қалдырмаңыз. Сіздің автокөлігіңіз жөндеу бригадасының технологиялық бұзушылық болған жерге кіруіне кедергі келтіруі мүмкін.

  1. Жүйе жұмысына араласпаңыз. Суды ағызуға немесе бекіткіштерді өзіңіз бұрауға тырыспаңыз-бұл қауіпті.
  2. Ағып кетулер туралы хабарлаңыз. Жеңіс саябағының маңында немесе тура Сіздің аулаңызда су бұрқағын, күшті буды немесе топырақтың сулануын көрдіңіз бе? «Петропавл жылу Жүйелері» ЖШС апатты-диспетчерлік қызметке 152, +7 (7152) 52-26-86 телефондары бойынша осы туралы тез арада хабарлау керек. Сіз ақауды жоюға және жөндеу жұмысын тездетуге көмектесесіз.

Осылайша, ыстық суды жазда ажырату -бұл қыңырлық емес, қажеттілік. Иә, жазда краннан мұздай суық су ыңғайсыздық тудырады, бірақ душсыз бірнеше күн болу Солтүстік Қазақстанда терезенің сыртында қарлы боран соғып тұрғанда жылусыз қалу қаупімен салыстырғанда ештеңе емес.