Петропавл 2-ЖЭО және «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ ұжымдары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын қолдауды жалғастыруда. Энергетиктер өздеріне бекітілген аумақтарды тұрақты түрде ретке келтіріп отырады.

Қыркүйек айында өткен тазалық жұмыстарына Петропавл 2-ЖЭО-ның 170 қызметкері қатысты. Энергетиктер 3 бірлік арнайы техниканың көмегімен 8,3 тонна қоқыс жинап, шығарды. Ал «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ аумағында 157 маман тазалық жүргізді. Олар бірлескен күшімен, 11 бірлік арнайы техниканы қолдана отырып, 3,5 тонна қалдықты жинап, полигонға апарып тастады.

Біз бірге өңірімізді таза әрі көркем етеміз!