Петропавл 2-ЖЭО-да алдағы 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымы қарсаңында жөндеу науқанының белсенді кезеңі жүріп жатыр. Энергетиктер станцияның негізгі және қосымша жабдықтарын жөндеу және қайта құру бойынша жоспарлы жұмыстарды орындауда.

 № 6 қазандық агрегатының күрделі жөндеуі аяқталды.
 № 9, 10, 11 қазандық агрегаттары, сондай-ақ № 4 турбоагрегат жөндеу үстінде.
 № 1 турбоагрегат, № 2 қазандық агрегаты, № 3 түтін мұржасы, № 8, 9, 10, 11, 12 қазандық агрегаттарынан түтін мұржасына баратын газ өткізгіштер қайта құру кезеңінде, 9, 10, 11-секциялардағы жиынтық тарату құрылғыларының (6 кВ ЖТҚ) ұяшықтарын ауыстыру, сондай-ақ № 2 күл үйіндісі 3-секциясының бөгеттерін биіктету жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Инвестициялық бағдарлама аясында біз жабдықтарды қайта құру және күрделі жөндеу бойынша кешенді жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Әрине, бұл шаралар жабдықтардың тозуын азайтуға және технологиялық бұзылуларды барынша азайтуға мүмкіндік береді», – деп түсіндіреді Петропавл 2-ЖЭО директоры Дмитрий Захаров.

Қосымша жөндеу науқаны мен инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру барысында ғимараттар, құрылыстар мен күл-қож құбырлары жөнделеді, сондай-ақ Т-170 бульдозерлік техникасының 2 бірлігі сатып алынады.

Алдағы жылыту маусымына дайындық бойынша барлық жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес қатаң түрде жүргізіліп жатыр.