2026 жылы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО-ны жаңғырту мен жөндеу науқанына 21 млрд теңгеден астам қаражат бағыттайды. Жұмыстар станцияны 2026-2027 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындау мақсатында жүргізілуде.

Бүгінгі таңда Петропавл 2-ЖЭО-да № 4,6,7,12 турбоагрегаттары мен № 2,4,6,7 қазандық агрегаттарының күрделі және жоспарлы жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта №2 қазандық агрегаты мен №1 турбоагрегатты қайта құру, №8-11 қазандық агрегаттарын күрделі жөндеу, 6 кВ ЖТҚ секцияларын және №3 түтін мұржасын қайта құру жұмыстары белсенді фазада жүріп жатыр. Ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу жұмыстары да жалғасуда.

Бұл туралы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры Анатолий Казановский Петропавл 2-ЖЭО-ға жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Ақылбек Жамалбекұлына мәлімдеді.

Барлық іс-шаралар бекітілген кестеге сай қатаң түрде орындалуда. Олардың басты мақсаты — жылыту маусымы кезінде тұтынушыларды сенімді әрі үздіксіз жылумен қамтамасыз ету.