Петропавл 2-ЖЭО-да «Заң және тәртіп» акциясына орайластырылған оқыту семинары өтті. Іс-шараға станцияның 50 қызметкері қатысты.

Семинардың негізгі тақырыптары еңбек заңнамасын сақтау, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету болды. Сондай-ақ қатысушыларға интернет-алаяқтықтың және есірткі қылмысының алдын алу туралы айтылды.

Ұйымдастырушылар - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мен Петропавл қаласының прокуратурасы.

Қатысушылар алдында Петропавл қаласының прокуроры Ғалымжан Әубәкіров пен СҚО бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің қызметкері Асхат Закерьянов сөз сөйледі.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобы қызметкерлердің құқықтарын қорғауға және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға басым көңіл бөледі.