Құрметті отандастар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Күнімен құттықтаймыз!

Бұл мереке еліміздің егемендігін, өз болашағымызды дербес анықтау құқығын және Отан тағдыры үшін әрқайсымыздың жауапкершілігімізді бейнелейді. Бүгінде біз өткен жылдардың жетістіктеріне сүйене отырып, әр адамның еңбегі, кәсібилігі мен қосқан үлесі бағаланатын қуатты да өркендеген Қазақстанды құруды жалғастырудамыз.

Энергетиктер үшін, бұл құндылықтардың орны ерекше. Сенімді энергетика қалалар мен ауылдардың дамуының негізі болатыны сияқты, халықтың бірлігі мен ынтымағы да еліміздің алға нық қадам басуына көмектеседі. Өзіміздің күнделікті еңбегімізбен біз туған өлкеміздің дамуына және Қазақстанның ортақ болашағына үлес қосып келеміз.

Баршаңызға зорденсаулық, бейбітшілік, бақ-береке және жаңа жетістіктер тілейміз! Қазақстан алға қарай нық қадам басып, әр шаңырақта жылулық, татулық пен ертеңгі күнге деген сенімге толы болсын!