Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Ержан Ертаев жұмыс сапарымен «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кәсіпорындарын аралады. Кездесу барысында компания басшылығы жөндеу науқанының барысы және оның алдағы күзгі-қысқы кезеңге (КҚК) дайындығы туралы егжей-тегжейлі есеп берді, сондай-ақ негізгі активтерді қайта құру және жаңғырту бойынша кешенді жоспарларды ұсынды.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры -Анатолий Казановский жүргізіліп жатқан жұмыстың ауқымын атап өтті: «Биылғы жылы станцияда жөндеу жұмыстары үшін жылыту маусымына дайындалуға компания 26 миллиард теңгеден астам қаражат бөлді.Бұл мақсатты инвестициялар Петропавл 2ЖЭО-да кешенді жұмыс жоспарын орындауға мүмкіндік берді, онда үш қазандық агрегатының және екі турбоагрегаттың күрделі жөндеуі, сегіз қазандық агрегатының және төрт турбоагрегаттың ағымдағы жөндеуі, теміржолдардың күрделі жөндеуі және қосалқы жабдықтың жөндеуі, түтін мұржаларын зерттеу және шығарындыларды бақылау жүйелерін жаңғырту».
Ержан Ертаев сондай-ақ «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ-ға және «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС-ға барды.
Кездесу барысында тараптар КҚК дайындық барысын ғана емес, сонымен қатар өңірдің энергетикалық саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.