«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ өкілдері «Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі» базасында сұхбаттасу алаңшасына қатысты.
Шара сұрақ-жауап түрінде өтті. «Жылутехникалық жабдықтар және жылумен жабдықтау жүйелері» мамандығына оқып жатқан студенттер Петропавл 2ЖЭО бас инженердің жөндеу бойынша орынбасары Дмитрий Перемыкинге, Петропавл 2ЖЭО жылумеханикалық жабдықтарын реттеу және сынау бойынша инженер Нина Вигеричке, «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС жылу желілерінің жабдықтарын жөндеу бойынша слесарі Роман Дурневке энергетика саласына қатысты сұрақтар қоя алды.
Энергетиктер өзінің кәсіби жолы, компанияда жасаған бірінші қадамы, қиындықтар мен жетістіктері туралы айтты. Энергетика – ең маңызды стратегиялық саланың бірі болғаны туралы айтты. Мамандар компанияға жас, амбицясы бар, компаниямен бірге дамуға және өсуге дайын кадрлар қажет болғаны туралы айтты.
Бұл кездесу тиімді болып шықты – студенттер кәсіпте өз болашағының нақты перспективасын елестете алды.

