«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кадрлық қорды құрастыру және аймақтың оқу мекемелерімен қатынас жасау жұмысын жалғастырып жатыр.
«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ бас инженерінің орынбасары Павел Запорощенко және Петропавл 2ЖЭО турбина цехының пайдалану бойынша жетекші инженері Алексей Зубков Байкен Әшімов атындағы Петропавл қаласының машина жасау және көлік колледжі абитуриенттерімен өткізілген сұхбаттасуға қатысты.
«Сұхбаттан 35 абитуриент өтті: 25 түлек «Электрмен жабдықтау және 10 түлек «Жылу техника жабдықтары мен жылумен жабдықтау жүйелері» бойынша оқуға түсті. Олар жақсы білім көрсетті, шынымен осы мамандықта жұмыс істегісі келеді және өмірін осы кәсіпке арнауға дайын», – деді «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ бас инженерінің орынбасары Павел Запорощенко.
Осындай кездесулер болашақ мамандардың дайындық деңгейін бағалауға, студенттерді энергетикалық сала талаптарымен таныстыруға және әрі қарай кәсіби даму келешектері туралы айтуға мүмкіндік береді.
.png)

