«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ ЖКБ электромонтері Ғалым Шабаров «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов энергетика саласындағы жалпы өтілі отыз жыл құрайтын, «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ қалалық электр желілері басқармасы жедел – көшпелі бригаданың электромонтері Ғалым Шабаровқа «Ерен еңбегі үшін» медалін тапсырды.
Галым Шабаров мансабын электржелілік ауданның тарату желілерін пайдалану жөніндегі электромонтеры болып бастады, қазіргі таңда ең жауапты учаскелердің бірі- жедел-диспетчерлік қызметте еңбек етеді. Оның жұмысы үйлесімділікті, жедел әрекет етуге дайындықты, іс-әрекеттің жеделдігі мен анықтығын талап етеді. Бұл технологиялық зақымдануды барынша тез жоюды қамтамасыз етеді және Петропавл қаласының тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін үздіксіз энергиямен жабдықтауға кепілдік береді. Ғалым жедел -көшпелі бригаданың құрамында қосалқы станцияларда және желілердегі апаттық жағдайларды жоюға қатысты, ақауларды жойды және электр жабдығын жедел қайта қосуды жүргізді. Біздің қызметкер 2024 жылы су тасқыны салдарынан болған, ауқымды технологиялық бұзушылықтарды жоюға аса маңызды үлес қосты.
Ғалым қызмет еткен жылдарында еңбекқор, жауапты және қиын және ықтимал учаскелерде міндеттерін мүлтіксіз орындайтын, кәсіби маман ретінде өзін көрсете білді.
Ғалым Шабаровтың марапатталуы бұл оның көпжылдық қажырлы еңбегі мен аймақты үздіксіз энергиямен қамтамасыз етуге қосқан жеке үлесінің жоғары бағасы. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ барлық ұйымының және кәсіпорындар тобының атынан әріптесімзіге лайықты жоғары наградасымен құттықтаймыз. Оның жұмысы кәсіби борышқа адалдықтың үлгісі және компанияның барлық қызметкерлері үшін шабыттандыратын үлгі болып табылады.
Мұнда үздік энергетиктер жұмыс істейді!



