Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС №1 тораптық ауданның электргазбен дәнекерлеушісі Дмитрий Волковты «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады. Әріптесіміз жылу энергетикасында 27 жыл еңбек етеді.
Дмитрий Волков мансабын қалалық коммуналдық жылу желілері кәсіпорнында 2 біліктілік разрядты жөндеулер қызметінің электргазбен дәнекерлеушісі ретінде бастады, осы уақыт ішінде әріптесіміз біліктілігін 5 разрядқа дейін арттырды және жылу желілерінде жұмысын жалғастыруда.
Кәсіпорындағы отыз жылға жуық жұмыс барысында Дмитрий өз жұмысын сапалы орындайтын, жоғары білікті қызметкер ретінде беделге ие болды. Әріптестер оның техникалық ойлауын, төзімділігі мен зейінділігін, командада жұмыс істеу және ойластырылған шешімдер қабылдау қабылетін атап өтеді. Бұдан басқа, Дмитрий – үздік тәлімгер, жинақталған білімін жас қызметкерлерге беріп, тәжірибесімен бөліседі.
Дмитрийдің жанқиярлық еңбегін атап өткен жөн, 2022 жылдың қараша айында кәсіпорын бригадасының құрамында жылу желілеріндеіг ауқымда апаттың салдарын жою үшін Екібастұз қаласына іс-сапарға жіберілген. Дмитрий Волков жылумен жабдықтауды қалпына келтіруге белсенді қатысты, онда жоғары жауапкершілік, іс-әрекеттің үйлесімділігін және қиын жағдайларда кәсіби төзімділік таныта білді.
Дмитрий Волковты марапаттау- бұл оның көпжылдық адал еңбегін, кәсіби шеберлігін және жылумен жабдықтаудың өмірлік маңызды жүйелерін қамтамасыз етуге қосқан жеке үлесін тану. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кәсіпорындар тобы ұйымының және «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС атынан Дмитрийді лайықты жоғары наградасымен құттықтаймыз. Оның мамандыққа деген адалдығы компанияның барлық қызметкерлері үшін жарқын үлгі болып табылады.
Мұнда үздік энергетиктер жұмыс істейді!



