«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Компания бас директорының өндіріс жөніндегі бірінші орынбасары- бас инженердің лауазымына Юмангулов Алексей Рашидовичтің тағайындалғаны туралы хабарлайды.

Алексей Рашидович —энергетика саласында 26 жылдан астам тәжірибесі бар жоғары білікті маман. Оның мансабы- электрослесарьдан ірі энергетикалық компанияның басшылығына дейінгі кәсіби өсудің үлгісі болады.

Мансаптың негізгі кезеңдері:

Энергетикадағы еңбек жолын Нижнекамская 2-ЖЭО-да электрослесарь лауазымынан бастады.

«Нижнекамская ТЭЦ» ЖШҚ инженерінен директорға дейін барлық кезеңдерден өтті.

Екі жоғары техникалық білімі және басқару саласында қосымша дайындығы бар.

Алексей Рашидович Татарстан Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрлігінің және Ресей Энергетика министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапатталды.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ ұжымы Алексей Рашидовичті лауазымға тағайындалуымен құттықтайды және Компания игілігі үшін атқаратын жұмысында табыс тілейді!