«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ-да жөндеу науқаны басталды. Оның басталуы 2026 жылдың мамырына жоспарланған болатын, бірақ ауа-райының қолайлы болуына байланысты қызметкерлер сәуір айында жұмысқа кірісті.

2026 жылы қалада және облыс аумағында өндірістік/қызметтік ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу, сондай-ақ:
287 км әуе желілері 35-110 кВ,
149,2 км әуе желілері 0,4-10 кВ,
1,68 км 0,4-10кВ кабельдік электр беру желілері,
10 қосалқы станция 35-110 кВ
40 10/0, 4 кВ трансформаторлық,тарату және жиынтық қосалқы станциялар.

Қазіргі таңда энергетиктер №578 10/0, 4 кВ трансформаторлық қосалқы станциясын жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

«Еден плиталарын бөлшектеу және монтаждау бойынша жұмыстар орындалды, кірпіш қалау қалпына келтірілді, 10 кВ тарату құрылғысындағы есіктер ауыстырылды.10 кВ жабдықты бөлшектеу жүргізілді, уақытша трансформаторлық қосалқы станция және 10 КВА жабдыққа арналған рамалар орнатылды. ТМ-400 кВА күштік трансформаторын ауыстыру, 10 кВ жабдықты монтаждау, жарықтандыруды тексеру, РУ-0,4 кВ есіктерді жөндеу жұмыстары жалғасуда»- деп, «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ қалалық электр желілері басқармасының бас инженері Алексей Семенюк атап өтті.

Алдағы жұмыстар:
- трансформаторлық қосалқы станция ғимаратының шатырын жөндеу,
- едендерді бетондау,
- РУ-0,4 кВ жабдығын, жерге тұйықтау контурын жөндеу,
- жоғары вольтты сынақтар.
Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты -Петропавл қ.Универсальная к. ауданында тұтынушыларды үздіксіз және сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету болып табылады.

Видео