2024 жылдағы «Севказэнергосбыт» ЖШС қызмет қорытындысы бойынша жұртшылық тыңдалым 

Петропавл қ.                                                                                                                                         2025ж.25.04. 

Бүгін тарифтік сметаның орындалуына, инвестициялық бағдарламаның іске асырылуына, 2024 жылдағы «Севказэнергосбыт» ЖШС қызметінің нәтижелеріне арналған, жұртшылық тыңдалым  өтті. Іс-шара  компанияның бас директоры Мағауия Сағындықовтың төрағалығымен болды.  

 

 2024 жылы жылумен жабдықтау тарифтері есепке алу аспаптарының болуына қарай  дифференциалды түрде қолданылды. Есепті кезеңде  жылу энергиясының қызметтерін 79 348  тұтынушы пайдаланды.

 

«1 қаңтардан бастап  орташа сату тарифі  ҚҚС-ны есепке алғанда Гкал үшін 8 280, 37 теңгені құрады, 23 қыркүйектен бастап  ҚҚС-ны есепке алғанда Гкал үшін 8 760,09  теңге  мөлшерінде бекітілді. 2024 жылы сатылған жылу энергиясының көлемі 1 386 мың Гкал құрады. Сонымен қатар  ағымдағы жылдың 1 қаңтарына  1 айдан астам дебиторлық берешек  223 млн. теңгені,   бұл жалпы берешектен  13%-ды құрайды, оның ішінде "халық" тобы бойынша   - 69 млн. теңге» -  деп, баяндамада кәсіпорын басшысы атап өтті.  

 

Инвестициялық бағдарлама аясында  клиенттерге сапалы қызмет көрсету үшін  «Севказэнергосбыт» ЖШС жаңа  компьютерлік және көшіру техникаларын, көпфункционалды қондырғыларды, кеңсе жиhазын сатып алды. Компанияның  инвестициялық бағдарламасын қаржыландыру көздері кәсіпорынның меншік қаражаты: амортизациялық аударымдар мен пайда.