Жамбыл ЭЖА қызметкерлері 35/10 кВ «Айымжан» қосалқы стансасын жоспарлы күрделі жөндеуіне кірісті.
Өткізілетін шаралар кешеніне кіреді:
Ақауы бар оқшаулағыштар мен трансформатор майын ауыстыру.
Ажыратқыштар, жетектер мен 35 кВ және 10 кВ май ажыратқыштарының түйіспе бөліктеріне түгендеу жасау.
Релелік қорғау және автоматика құралдарының жұмыс жасау қабілетін тексеру.
Диспетчерлік атауларын салу және қосалқы стансалар жабдықтарына фазаларды түрлі түспен белгілеу.
Қосалқы стансалар жабдықтарын сырлау.
Өткізіліп жатқан жөндеу жұмыстары Жамбыл ауданы Айымжан селосы тұтынушыларының электрмен жабдықтау сенімділігін көтеруге бағытталған.

