Биыл біз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің қабылданған күнінен бастап 30-шы мерейтойын атап өтудеміз. Бұл – ұлт бірлігінің, ел тәуелсіздігінің құндылықтары мен жетістіктерін насихаттаудың ерекше мерекесі. Кез келген мемлекеттің міндетті атрибуттары оның бірегейлігі мен егемендігін бейнелейтін елтаңба, ту, әнұран болып табылады.

Осы жарқын, мерекелі күні амандық, бақыт, бейбітшілік пен жақсылық тілейміз! Отанымыз – Қазақстан гүлденіп, Тәуелсіздік туы биікте желбірей берсін!