Құрметті Петропавл тұрғындары!
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобының ұжымы Сіздерді қаланың негізі қаланған күнінің 274 жылдығымен шын жүректен құттықтайды!
Петропавл – бай тарихы мен ерекше атмосферасы бар, Қазақстанның солтүстік қақпасы болып табылатын қала.
Біз, энергетиктер, әр шаңырақта жылу мен жарық болуы үшін еңбек етеміз және осы қала өмірінің бір бөлшегі екенімізді мақтан тұтамыз. Осынау мерекелі күнде әрбір тұрғынға мықты денсаулық, жан тыныштығы мен отбасылық бақ-береке тілейміз. Мерекелеріңізбен, қымбатты жерлестер!

