«СЕВКАЗЭНЕРГО»  АҚ  2024 жылғы 18 наурыздан бастап  Белое көлінен Есіл өзеніне  Петропавл- 2-ЖЭО-нан   нормативтік таза суды ағызудың  жоспарланған басталуы туралы халыққа хабарлайды. Петропавл қаласының және Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын қырағы және сақ болуларыңызды сұраймыз.    

Жыл сайын  қаңтар айынан бастап сәуір айы бойынша кезеңде  Петропавл- 2-ЖЭО-да нормативтік таза суды ағызу  жүргізіледі, өйткені бұл көл суындағы тұзды азайту және су кермектігін өндірістік параметрлерге сәйкес келтіру үшін ең қолайлы кезең. Осы жылы Есілге 1 500 000 м3 көлемінде су ағызу күтілуде.      

«Су   2-ЖЭО-ның негізгі көзі болып табылады, оған жоғары талаптар қойылған. 2-ЖЭО  қымбат жабдықтарды істен шығаратын, су кермектігінен зардап шегеді. Нормативтік таза суды ағызу үрлеп -тазарту процесінің бірінші бөлігі болып табылады. Бұл процесс  өндірістік процесс кезінде негізгі жабдықты салқындату үшін турбина цехына үздіксіз жеткізілетін,  Белое көлінен тұзды, тұрып қалған суды ағызуынан тұрады. Кейін, мамыр айынан бастап шілде айы бойынша көл суын жаңарту және Белое көлінің көлемін толықтыру мақсатында  таза өзен суы айдалатыны    жүргізілетін болады. Экологиялық құрамдас бөлікке келетін болсақ, ағызылатын су біздің өңірдің экологиясына зиян келтірмейді, себебі бұл өндірістік ағынды сулар емес. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің зертханасы және  станцияның меншікті аккредиттелген зертханасы мұны қатаң қадағалайды»,-деп, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл- 2-ЖЭО қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы-  Николай Максимов атап өтті.   

Осы кезеңде көл мен  Есіл өзенінің  бөгет аймағында мұз үстінде болу өмірге қауіп төндіреді, өйткені сағатына кемінде  1700 м3  жылдамдықпен  жүйелі түрде келетін жылу судың салдарынан мұзда еріген дақтар пайда болады.        Қырағы және сақ болыңыздар!  

Анықтама:

Нормативтік таза  ағынды сулар-  бұл тазартуға ағызуға рұқсат етілген, су объектілеріне ағызылуы бақыланатын  жақтауда  немесе су пайдалану  пунктындағы су сапасының бұзылуына әкелмейтін ағынды сулар.