Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайыловқа «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО-ның жұмысын қалыпқа келтіру жөніндегі Жол картасы ұсынылды.

Бүгінгі таңда солтүстікқазақстандық энергетиктер №1 түтін мұржасыз жылу электр орталығының одан әрі жұмыс істеуінің маңызды мәселесін шешуде. «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Сергей Кан үкімет басшысын ЖЭО-ның жұмысын қалпына келтіру және қалыптандыру жоспарлары туралы хабардар етті.

«Маңызды мәселе – түтін мұржасы. 15 мамырда біз сараптама қорытындысын аламыз, сонда бізде екі нұсқа болады. Бірінші нұсқа - құбырды қалдыру, ал екінші нұсқа - толығымен бөлшектеу және жаңасын салу. Бірінші нұсқада, біз 1, 3 қазандықты қайта іске қосып, бүкіл станцияны жұмысқа қайтарамыз. Егер құрылыс қажет болса, жөндеу науқаны аясында 2023-2024 жж. жылыту маусымына дейін жаңа мұржа салынады», - деді «ОАЭК» АҚ акционері Сергей Кан.

Туындаған мәселелерді шешу үшін компания Жол картасын әзірледі. Оның құрамында жабдықтарды күрделі және жоспарлы жөндеуге арналған 7 блок бар. Оны жүзеге асыруға шамамен 17,2 млрд теңге жұмсалады деп жоспарлануда. Қазір жұмысқа 320 адам тартылған, алайда жөндеу науқанына тартылған қызметкерлер саны артып, ағымдағы жылдың шілде айына дейін станцияда мердігер ұйымдардың 700-750 қызметкері жұмыс істейтін болады.

«Қазандықтарды екінші мұржаға ауыстыру сұлбасын дайындадық. Төрт қазандық агрегатына күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Қазандықтарды жөндеуге бөлінген қаражаттың жалпы сомасы шамамен 8 млрд теңгені құрайды. Алты қазандық қыркүйекке дейін дайын болады. Одан кейін тағы үшеуі жөнделеді. Қазір олар жұмыс істеп жатыр. Кестелер жасалды.», - деп хабарлады «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директорының м.а. Андрей Калиничев.

Премьер-Министр барлық алға қойылған міндеттерді уақытында жүзеге асырудың ерекше маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде мемлекет көмек көрсетеді, атап айтқанда, мемлекеттік сараптаны өтудің уақытын қысқарту мүмкіндігін қарастырады. Энергетиктердің айтуынша, компания жоспарланған жұмыстарды дер кезінде аяқтап, сол арқылы келесі жылыту маусымының сенімді өтуін қамтамасыз етеді.