«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ өңірдің тұрақты жылумен жабдықтауды қамтамасыз етеді:    2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы   

 «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ құрамына кіретін, Петропавл 2-ЖЭО  2025 жылдың бірінші жартыжылдығында өңірді жылумен жабдықтау бойынша тапсырмаларды сәтті орындады.  

Ағымдағы жылдың алты айы ішінде 2-ЖЭО энергетиктері   974,351 мың гигакалория жылу энергиясын өндіріп, тұтынушыларды қамтамасыз етті. Негізгі көлем  – 970,483  мың Гкал – үйлердегі жайлылық пен қала кәсіпорындарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін, ыстық сумен жабдықтауға жұмсалды.Тағы  3,868 мың Гкал өнеркәсіптік қажеттілік үшін буды жеткізуге кетті.   

Станцияда  жабдықты кешенді жаңарту бойынша жұмыс жалғасуда:  

- Станцияның жылу энергетикалық кешенінің негізгі элементтерінің бірі- №2 қазандық агрегатын  қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде;  

-  №6 турбоагрегатта екі  негізгі бойлерді ауыстыру жоспарлануда;  

-Жаңа сорғы станциясының құрылысы кіретін, жылу энергиясын тарату схемасын қайта жаңарту бойынша жоба іске асырылуда;   

«Бұл жобалар жай ғана жоспарланған іс-шаралар емес, алдағы онжылдықта өңірімізді сенімді энергиямен қамтамасыз етуге бағытталған, стратегиялық инвестиция-деп, Петропавл 2-ЖЭО директоры Дмитрий Захаров атап өтті. -Жаңғыртылған жабдық станцияның тиімділігін арттырып қана қоймай, оның экологиялық көрсеткіштерін де айтарлықтай жақсартады».     

Станцияда алдағы жылыту маусымының дайындығына ерекше  көңіл бөлінеді. Бірінші жартыжылдықта бірқатар жөндеу жұмыстары жүргізілді:    

-№1, 4 қазандық агрегаттарына және №4, 6 турбоагрегаттарға  ағымдағы жөндеу жүргізілді; 

- Жылу алмастыру жабдығын тексеру және тазалау жұмыстары жүргізілді;

- Жылу желілерінің учаскелері жаңартылды;  

- Сыни маңызды жабдықтың ресурсын ұзарту үшін  куәландыру жүргізілді;   

Барлық жоспарланған жұмыстар толық көлемде және белгіленген мерзімдерде орындалады, бұл станцияның ең жоғары жүктеме кезеңдерінде сенімді жұмыс істеуіне кепілдік береді.