Энергетик мамандығын байқап-көру: Петропавл 2-ЖЭО-да оқушылар үшін экскурсия өтті

«А.Байтұрсынов ат. №9 орта мектеп» КММ  тоғызыншы сынып оқушылары Петропавл 2-ЖЭО-да  болып, үлкен энергия әлемінің есігін ашты.  Экскурсия қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан басталды, содан кейін дулыға киген мектеп оқушылары станцияның қазандық цехына барды,  онда көмір ұнтақталғаннан кейін конвейер таспалары арқылы келеді.  

Қазандық цехы бастығының орынбасары Андрей Попов балаларға қазандықтардың ішінде қайнап жатқан су емес екенін, айтты.  Қазандық жүйесінде отын жалынымен жылытылған су қозғалатын жылыту бетінің түтіктері бар.Түтіктер арқылы қозғала отырып, сұйықтық температурасы   550°C жоғары бу-су қоспасына айналады. Мектеп оқушылары энергетикті алаңдамай, тыңдады.  Жаңа ашуларға дайын балалар, турбина цехына қарай бет алды.    

«Бу қазандықтан турбинаға келеді. Нақты уақыт режимінде турбина роторы механикалық энергияны электр энергиясына айналдыра отырып, минутына  3000 айналым жылдамдығымен айналады»-  деп, Петропавл 2-ЖЭО бас инженердің пайдалану жөніндегі орынбасарының м.а.  Сергей Марченко жалғастырды.  

Экскурсияның  соңғы нүктесі- -станцияны басқарудың басты қалқаны болып табылады.Ондаған түймелер, тұтқалар, компьютерлер, мониторлар, бірнеше телефондар: мұның барлығын станция қызметкерлері тәулік бойы бақылайды.      

Мектеп оқушылары  мұндай тәртіпті бұрын еш жерден көрмедік деп, әзілдейді.  Балалардың арасында мамандыққа қызыққандар бар ма?  Мұны айту қиын, бірақ мектеп оқушылары қазір үлкен энергия туралы көбірек біледі.