Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ мамандары «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ  холдингінің тарату электр желілерінің жедел-жөндеу персоналы арасында өтетін жыл сайынғы корпоративтік кәсіби шеберлік жарысына дайындық жаттығуларын бастады. Ағымдағы жылда ауқымды шара Астана қаласында «Ақмола ЭТК» АҚ оқу-жаттығу базасында өтеді.

 

Қазіргі уақытта жарысқа екі бригада дайындалуда. Жаттығу полигонында энергетиктер жабдықтарды жедел жөндеуден бастап алғашқы медициналық көмек көрсетуге дейін күнделікті жұмыста қажет болатын дағдыларын жетілдіруде.

 

Мұндай кездесулер – ең алдымен, холдингтегі әріптестермен тәжірибе алмасу мен өңірлеріміздің электрмен жабдықтау сенімділігін бірлесіп арттыру.

Командаларға алдағы жарыстарда нәтижелі дайындық пен көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!