«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ-да ұжымның Петропавл қаласының прокуроры Ғалымжан Әубәкіровпен және «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» еңбекті бақылау және қорғау бөлімінің басшысы Азат Бейсембинмен жұмыс кездесуі өтті.
Талқылаудың негізгі тақырыптары:
- Еңбек заңнамасы. Қызметкерлердің құқықтарын қорғау және заң ережелерін сақтаудың маңыздылығы талқыланды.
- Еңбекті қорғау және әлеуметтік кепілдіктер. Қауіпсіздік ережелерін сақтауға және міндетті төлемдерді қамтамасыз етуге баса назар аударылды.
- Цифрлық қауіпсіздік. Интернеттегі алаяқтықтың қаупі туралы әңгімелесті.
- Дропперлық. Қолма-қол ақша алу үшін банк карталарын бөгде адамдарға бергені үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілді.
Мұндай кездесулер қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын нығайтуға және әрбір маманның мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге көмектеседі.


