«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ қалалық кабельдік желілер қызметінің мамандары 110/10 кВ №3 қосалқы станциясынан шығатын фидер № 1 10 кВ кернеулі кабельдік желісіне жоспарлы профилактикалық диагностика жасауда.

Кабельдік желілердің оқшаулауын бақылаудың «CPDA» жүйесінің көмегімен мамандар бірқатар шараларды орындайды:
✔️Кабель оқшаулауының күйін талдау және параметрлерін алу.
✔️Болашақта кабельдің зақымдануы мүмкін орындарын іздеу.
✔️Ақауларды уақытында жою мақсатында алдағы жұмыстарды жоспарлау.

Диагностиканың бұл әдісі іс-әрекетті алдын ала жасауға мүмкіндік береді: кабельдік желідегі жасырын ақауларды олар технологиялық ақауларға әкелмес бұрын анықтауға болады.