Есіл ауданы электр желілерінің қызметкерлері «Ленин көшесі-2» 10/0,4 кВ кешенді трансформаторлық қосалқы станциясын жоспарлы күрделі жөндеуге кірісті.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар кешені:
Ақаулы оқшаулағыштарды, 10 кВ асқын кернеуді шектегіштерге 10 кВ разрядтағыштарды және жоғары вольтты сақтандырғыштарды ауыстыру
10 кВ ажыратқышты және 0,4 кВ коммутациялық аппараттарды ауыстыру
Трансформатор майын үстемелеп құю
Жерге тұйықтау контурын жөндеу және өлшеу
Жабдықтарды тазалау, бояу, сондай-ақ диспетчерлік атауларды жазу.
Жұмыстар Есіл ауданы Петровка ауылы тұрғындарын электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттырады.
.png)

