«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ энергетиктері «Сібір-Новомихайловка» 110 кВ әуе желісіне жоспардан тыс жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

35 кВ және одан жоғары ӘЖ қызметінің қызметкерлері келесі жұмыс кешенін орындауда: оқшаулағыштарды ауыстыру, тіректерге диспетчерлік атауларды жазу, сондай-ақ әуе желісінің трассасын механикаландырылған тәсілмен тазарту.

Қатысқан:

4 маман.
2 бірлік арнайы техника тартылды.

Бұл жұмыстар Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарын электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттырады.