М.Жұмабаев ауданында қосалқы станциялар тобының жеке құрамы 35/10 кВ «Фурмановская» 35/10 кВ қосалқы станциясына күрделі жөндеуді сәтті аяқтады!

Жұмыс барысында маңызды іс-шаралар кешені орындалды:
Маймен толтырылған жабдықты жөндеу

Тірек-өзек оқшаулауын жөндеу

Негізгі жабдықты жөндеу (ажыратқыштар РЛНД 35 кВ)

Маймен толтырылған жабдықтың жылыту жүйелерін тексеру және қызмет көрсету

Жабдықты бояу

Диспетчерлік атауларды жазу

Жерге тұйықтау құрылғыларын тексеру

8 жоғары білікті маман және 4 арнайы техника бірлігі жұмылдырылды.

Жүргізілген жұмыстардың басты мақсаты — қызмет көрсетілетін ауданда тұратын, тұтынушыларды үздіксіз және сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету.