«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-нда корпоративтік наградаларды беру бойынша салтанатты шарасы өтті. Бас директор Анатолий Казановский кәсіпорын қызметкерлеріне алғыс айтып сыйақылар берді.
Марапатталды:
Николай Максимов, қоршаған ортаны қорғау бойынша басқармасының бастығы — экология саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін және компанияның жоғары экологиялық стандарттарын қамтамасыз еткені үшін. Алдында оған ҚР Экология және табиғат қорлары мінистрінің алғыс хаты берілген.
Даниил Вильд, Петропавл 2 ЖЭО ғимараттар мен имараттарды пайдалану және жөндеуді ұйымдастыру бойынша инженер, кәсіби шеберлігіндегі жетістіктері үшін. Даниил модульдік өрт депосы жобасымен ІІІ орынға ие болып, XII Еуразиялық сәулет-құрылыс және дизайнерлік мектептерінің халықаралық фестивалінің жүлдегері болды.
Анатолий Казановский әрі қарай табысты жобалар жасап, жеңістерге жете беруді тілеп, өз ісіне жан-тәнімен берілудің маңыздылығына тоқталып өтті де әріптестерін құттықтады.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ ұжымы құттықтауларға қосылады! Біз әріптестерімізбен мақтанамыз!

