«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобында бір ай бойы 100-ге жуық қызметкер корпоративтік оқытудан өтуде.
Қазіргі өмір ырғағы өз ережелерін талап етеді, сондықтан басты назарда барлығына таныс, бірақ жоғары деңгейде меңгеруді қажет ететін құралдар жиынтығы:
Microsoft Word
Microsoft Excel
Microsoft PowerPoint.
Мамандар өз дағдыларын барынша шыңдауда: «ыстық пернелердің» құпияларын меңгеріп, ауқымды деректерді өңдеу үшін логикалық формулаларды қолдануда және күрделі есептеулерді автоматтандыруда. Сондай-ақ, оқу барысында қызметкерлер презентация дайындаудың қыр-сырын біліп, көп беттік есептерді адам факторының қауіп-қатерін болдырмайтындай етіп, бірыңғай стандарт бойынша рәсімдеуді үйренуде.
«Бұл оқытудың мақсаты — кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек өнімділігін арттыру, оларды бірсарынды жұмыстан арылту, сондай-ақ жұмыс процестерін жеделдету», — деп атап өтті оқытушы Николай Руселевич.
Мұндай корпоративтік тренингтер мамандарға кеңсе құралдарын сенімді меңгеруге, сонымен қатар жұмыс процестерін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.

