«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобында қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламасы жалғасуда. Бұл жолы 30 маман өздерінің цифрлық сауаттылығын арттырып, негізгі кеңселік бағдарламалардың жаңа мүмкіндіктерін меңгеруде.

Басты назарда Microsoft Excel бағдарламасының озық құралдары мен мүмкіндіктері:

Power Query

Жиынтық кестелерді талдау

Күрделі көпдеңгейлі есептеулер

Деректерді терең талдау

«Оқытудың екінші легінің мақсаты – қызметкерлердің біліктілігін арттыру және жұмыс орындарындағы еңбек өнімділігін өсіру. Біз қайталанатын тапсырмаларды тиімді шешуге, заманауи интерактивті есептілікті құруға, деректерге терең талдау жүргізуге және жиынтық көрсеткіштерді жедел қалыптастыруға баса назар аударамыз»,- деп бөлісті курс оқытушысы Николай Руселевич.

Практикалық дағдылар мамандарға негізгі заңдылықтарды тез табуға, қателіктер қаупін азайтуға және талдау материалдарын дайындауды жаңа деңгейге шығаруға көмектеседі.