«СЕВҚАЗЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобында Республика күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Оған «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ, Петропавл 2-ЖЭО және «СЕВҚАЗЭНЕРГО» АҚ қызметкерлері қатысты.
Өңірдің энергетика саласын дамытуға қосқан үлесі және адал еңбегі үшін құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталған қызметкерлер:
Петропавл 2-ЖЭО бу турбиналарының машинисі Жансерік Баубаев Солтүстік Қазақстан облысы Әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды.
Петропавл 2-ЖЭО қазандық цехының қазандық тазалаушысы Анатолий Мартыненко Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының алғыс хатымен марапатталды.
«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ Магистральдық желілер және қосалқы станциялар оңтүстік учаскесінің бастығы Евгений Брант Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының алғыс хатымен марапатталды.
«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ Қалалық электр желілері басқармасы бастығының орынбасары Расул Ысқақов Солтүстік Қазақстан облысы Әкімі орынбасарының алғыс хатымен марапатталды.
Мерекеге қызметкерлердің өздері дайындаған шығармашылық нөмірлері ерекше көңіл-күй сыйлады. Музыка, өлеңдер мен билер арқылы олар туған Қазақстанға, кәсібіне және әріптестеріне деген сүйіспеншіліктерін білдірді.
