Жаңа білім, пайдалы таныстықтар мен командалық жұмыс дағдылары — мұның бәріне «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның бірінші Жастар энергетикалық форумына қатысқан «СЕВҚАЗЭНЕРГО» АҚ кәсіпорындар тобының қызметкерлері ие болды.
Қатысушылар үшін тренингтер, шағын дөңгелек үстелдер және шақырылған спикерлермен кездесулер өткізілді. Форумның басты оқиғасы — «ОАЭК» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Оралмен ашық диалог алаңы форматында ұйымдастырылған кездесу болды. Бұл жерде жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын тікелей қоя алды. Қатысушылар жаңа білім алып қана қоймай, тәжірибе алмасып, командада жұмыс істеуге және басқа кәсіпорындардағы әріптестерін жақыннан тануға мүмкіндік алды.
Бағдарламаның бөлек бір блогы корпоративтік құндылықтар мен мәдениетке, сондай-ақ мамандардың қалай бастама көтеріп, компания өміріне қалай белсенді қатыса алатындығына арналды.

