Энергетиктер күні Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кәсіпорындар тобының жұмыскерлерін ерен еңбегі үшін, кәсіби шеберлік және аймақтың энергетикалық саласының дамуына қосқан жеке үлесі үшін марапаттады.
Марапатталған тұлғалар:
Амангелді Бекежанов – «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС Жөндеулер басқармасы магистралды желілерін жөндеу бойынша учаскесінің жылу желілері жабдықтарын жөндеу бойынша слесарь.
Нұрлан Қозыбаев – «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС Жөндеулер басқармасы магистралды желілерін жөндеу бойынша учаскесінің жылу желілері жабдықтарын жөндеу бойынша слесарь.
Дінмұхамбет Исмағамбет – «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ Қосалқы стансалар қызметінің шебері
Валерий Оршлет – «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ Қосалқы стансалар қызметінің 6 біліктілік разрядты тарату аспаптарының жабдықтарын жөндеу бойынша электрослесарь.
Иван Петренко – «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2ЖЭО қазан шеберханасының қазан жабдықтарының аға машинисі.
Артем Куринных – «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2ЖЭО турбина шеберханасының турбина бөлімінің аға машинисі.
Ольга Стреляева – «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2ЖЭО химия шеберханасының ауысым бастығы
Бұл марапаттар әр аталып өткен маманның кәсіби шеберлігі, жауапкершілігі мен өз ісіне адал болуына жоғары баға болып табылады. Аймақ энергетикалық кешенінің тұрақты жұмысы негізінде олардың күнделікті еңбегі жатыр.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кәсіпорындар тобының ұжымы әріптестерін шын жүректен құттықтайды! Компаниямызда саланың сенімділігі мен дамуына кепіл болып табылатын нағыз шеберлер еңбек жасайтынына мақтан тұтамыз.
Үздік энергетикатер осында жұмыс жасайды!


