«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кәсіпорындар тобының қызметкерлерін Кәсіподақтар күні құрметіне кәсіби шеберлігі, жылдар бойы жасаған еңбегі және аймақ энергетикалық саласының дамуына жеке салымы үшін марапаттады

Жұмыскерлердің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау, әлеуметтік әріптестікті дамыту, кәсіподақ ұйымдары жұмысының саласын кеңейту бойынша белсенді жұмысы үшін «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ Персоналмен жұмыс жасау бөлімінің еңбек бойынша жетекші экономисті Ольга Рахматулина Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің алғыс хатымен белгіленді.

Қызметкерлердің мүдделерін қорғау және кәсіподақ қозғалысының дамуына салған еңбегі үшін «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ инженер конструкторы Татьяна Кунгурцева Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар қауымдастығының құрмет грамотасымен белгіленді.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар қауымдастығының құрмет грамотасымен Петропавл 2-ЖЭО Отын-көліктік цехының пойыздардың құрастырушысы Александр Ермолаев белгіленді.

Петропавл 2-ЖЭО турбиналық жабдықтарының машинисті Сергей Солопов ескерткіш сыйлығымен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар қауымдастығының «Еңбек озаты» медалімен Петропавл 2-ЖЭО қазандық цехының сорғы қондырғылары машинисті Марина Кириятова марапатталды.

Бұл наградалар жоғарыда аталып өткен мамандардың кәсіби шеберлігі, тәртібі және өз ісіне адал берілуінің жоғары бағасы болып табылады.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кәсіпорындар тобының ұжымы әріптестерін құттықтайды! Командамызда еңбекқорлығы мен ісіне деген адалдығымен компания дәстүрлерін тұрақты нығайтып тұратын нағыз шеберлер жұмыс жасайтынымен мақтан етеміз.