«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобының өкілдері Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің техникалық мамандықтар бойынша бітіруші курс студенттеріне арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты.

Болашақ түлектер жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы Петропавл 2-ЖЭО бас инженері Евгений Мосиенко мен «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ бас инженерінің орынбасары Павел Запорощенкодан тікелей біле алды. Олар студенттерді «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобындағы өзекті бос жұмыс орындарымен таныстырып, қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Біз:

✔️ Ресми жұмысқа орналасуды

✔️ Тұрақты еңбекақыны

✔️ Толық әлеуметтік пакетті

✔️ Мансаптық өсу мүмкіндігін ұсынамыз

Байланыс ақпараты:

Ресми сайт: sevkazenergo.kz («Бос жұмыс орындары» бөлімі) Анықтама телефоны: +7 (7152) 31-44-60

Электрондық пошта: resume@sevkazenergo.kz