Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенжанов «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО қазандық цехы қазандық жабдығының аға машинисі Сергей Овсейчикті «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады.
Сергей Овсейчик энергетикаға 21 жыл арнады, станцияның барлық технологиялық процестерін терең игеріп, қосалқы қазандық жабдығы бойынша машинист-аралаушыдан бастап аға машинистке дейін көтерілді.Оның кәсіби қызметі қазандық цехының жабдығын пайдалану, жаңғырту және сенімділігін арттырудың негізгі мәселелерін шешуге байланысты.
Сергей – үздік тәлімгер. Ол қызметкерлерді жаңа жұмыс әдістеріне үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар өзінің жеке үлгісімен, тәжірибесімен және кәсіби даналығымен жас әріптестерді ынталандырады. Сергейдің ұжымдағы беделі айтарлықтай тәжірибеге, еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа және әріптестерінің пікірін тыңдай білуге негізделген.
Сергей Овсейчикті марапаттау- бұл оның көпжылдық қажырлы еңбегі мен аймақты энергетика саласын дамытуға қосқан жеке үлесі, сондай-ақ білікті мамандардың жас ұрпақтарын тәрбиелеу болып табылады. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ ұжымы әріптесімен мақтанады және шын жүректен оны адалдығын және өндірістік ұжым көшбасшысының рөлін көрсететін, лайықты наградасымен құттықтайды.
Мұнда үздік энергетиктер жұмыс істейді!

.png)

