Электр энергиясы тарифтерінің  өзгеруі туралы

2024 жылғы 16 ақпаннан бастап   «Севказэнергосбыт»  ЖШС тұтынушылары үшін электр энергиясына жаңа тарифтер күшіне енді. 

Қазақстан Республикасы  Ұлттық  экономика министрлігі Табиғи  монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы  бойынша департаментінің шешіміне сәйкес 3,85 теңгеге өскен, қызмет құны  ҚҚС-ны  есепке алғанда 27,52 теңге/кВтч құрайды, оның ішінде:   

өндіріске байланысты емес (тауарларды, жұмыстарды сату және қызметтер ұсыну)  (жеке тұлға), тұрмыстық  қажеттіліктері үшін электр энергиясын пайдаланатын, тұрмыстық тұтынушылар үшін  ҚҚС-ны  есепке алғанда  19,20 теңге/кВтч;

тұрмыстық  қажеттіліктері үшін емес электр энергиясын пайдаланатын, тұрмыстық тұтынушылар (өзге тұтынушылар) үшін  ҚҚС-ны  есепке алғанда  31,21теңге/кВтч;

мемлекеттік бюджеттен (бюджеттік ұйымдар) қаржыландыратын, заңды тұлғалар үшін ҚҚС-ны  есепке алғанда  38,90 теңге/кВтч;  

әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндірушілер үшін ҚҚС-ны  есепке алғанда  27,52 теңге/кВтч.   

Тұрғындар үшін тариф сомасының өсуі  3,20 теңге, заңды тұлғалар үшін   4,08 теңге, бюджеттік ұйымдар  үшін- 4,97 теңге, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндірушілер үшін- 3,85 теңге құрады. Осылайша, 1 бөлмелі пәтерде тұратын, тұтынушылар үшін электр энергиясы төлемінің орташа өсуі  шамамен  340 теңгені, 2 бөлмелі пәтерде -640 теңгені, 3 бөлмелі пәтерде   850 теңгені құрайды.   

Энергиямен жабдықтау  қызметтерінің құны бірқатар себептерге байланысты өсті, мынадай: 

Бірыңғай Сатып алушыдан электр энергиясын сатып алуға тарифтерді арттыру 1 кВт/ч үшін 11,01 теңгеден бастап  12 теңгеге дейін;  

ұлттық электр желісін пайдалану бойынша «KEGOC» АҚ реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді арттыру  1 кВт/ч үшін 1,651 теңгеден бастап  1, 943  теңгеге дейін және электр энергиясын өндіру- тұтынуды  теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша   1 кВт/ч үшін 0,057 теңгеден бастап    0,060 теңгеге дейін;  

«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ электр энергиясын беру бойынша  реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді арттыру  1 кВт/ч үшін  5,60 теңгеден бастап  6,78 теңгеге дейін, «РТЖ» ААҚ 1 кВт/ч үшін  0,93  теңгеден бастап    1,76 теңгеге дейін,  «Қазақстан темiр жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ 1 кВт/ч үшін 2,27 теңгеден бастап 2,46 теңгеге дейін, «Межрегионтранзит» ЖШС 1 кВт/ч үшін 3,57  теңгеден бастап 4,13 теңгеге дейін;

уәкілетті органның сату  үстемеақысын 1,58 %-ға төмендетуі;

электр энергиясының көтерме сауда нарығының тұтынушылары үшін  электр   қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі қызмет бағасын 1 мВт үшін  690 мың теңгеден бастап 1 195мың теңгеге дейін 2 есе арттыру.  

Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың  тарифтерін  арттыру  «Инвестицияның орнына тариф» жаңа тарифтік саясатқа  көшу бойынша  мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету және энергетикалық жабдықтардың  тозуын азайту үшін негізгі  қаражатқа  инвестициялардың артуына байланысты  жүргізілді. Сондай-ақ тарифтік сметада еңбекақы төлемін есепке алу бөлігінде нормативтік-құқықтық актілердің өзгеруіне байланысты.    

«24,57 теңге мөлшерінде сату тарифінің құрылымына негізделе, шығындардың 65 % Бірыңғай Сатып алушыдан электр энергиясын сатып  алуды,  "КЕGOC" АҚ ұлттық желіні пайдалануды және  электр   қуатының   дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті құрайды. Ал шығындардың 27,5 %  «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ, «РТЖ» ААҚ, «Қазақстан темiр жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ желілері, «Межрегионтранзит» ЖШС  желілері бойынша электр энергиясын жеткізу қызметтеріне тиесілі. «Севказэнергосбыт» ЖШС  жабдықтау үстемеақысы жалпы шығыннан бар болғаны  3 %-ды немесе ақшадай эквивалентте 0,68 тиынды құрайды», -деп  «Севказэнергосбыт» ЖШС бас директоры Магауия Сагандыков атап өтті.      

Бұдан басқа, еске саламыз, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап  «Инвестицияның орнына тариф»  бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде  2023 жылғы 27  шілдеде  уәкілетті орган бекіткен шекті тарифтік деңгейлерге сәйкес,  тұрғындар үшін есептеу аспаптарынсыз  жылу энергиясының құны-  ҚҚС-ны қосқанда  5589,01 теңге  немесе  1 шаршы метрге 167,68 теңге құрады.    

Жылумен жабдықтау қызметінің құны 1 шаршы метрге 27,96 теңгеге артты.     2018 жылдан бастап тұрғындар үшін тариф  өзгеріссіз болғанын, атап өтеміз.  

Жеткізілетін жылу энергиясының жалпы көлемінің 64% қала  тұрғындарына беріледі. Жылытуға есептеу аспаптары жоқ, тұтынушылардың жалпы саны- 26%  немесе 77,2 мың тұтыншылардың 20 мыңын құрайды.  2023 жылдың жылыту маусымынан бастап 2024 жылдың қаңтар айы бойынша есептеу аспаптары бар, тұрғындар үшін орташа тариф 1 м2 үшін  95,6 теңгені, қаңтар айында   136,7 теңгені құрады.  Сонымен қатар 2024 жылдың қаңтар айы     2023 жылдағыға қарағанда, 2,3 градусқа суық болды.