64 жыл бұрын біздің қаламыздың энергетиклық жүрегінің -Петропавл 2-ЖЭО тарихы басталды!
1961 жылдың 20 шілдесінде Целинный Совнархозының №304-ө тағдырлы шешімі шықты: салынып жатқан станция дирекциясының орнына толыққанды мемлекеттік-өнеркәсіптік кәсіпорын--Петропавл 2-ЖЭО келді. Бұл күн өңірдің негізгі энергетикалық нысандарының бірінің тарихындағы тірек нүктеге айналды.
2-ЖЭО құрылысы Солтүстік Қазақстан облысының өсіп келе жатқан энергия қажеттілігіне байланысты болды. Соғыстан кейінгі жылдары өнеркәсіп пен инфрақұрылым қарқынды дамып, жаңа станция мыңдаған тұрғындар мен кәсіпорындарды жылу мен жарықпен қамтамасыз ететін сенімді көзге айналуы тиіс еді.
64 жыл ішінде 2-ЖЭО ұзақ жолдан өтті, бірақ өңірдің энергетикалық қауіпсіздігінің негізі болып қала береді.
Адамдар- біздің басты құндылығымыз. Станцияға өмірін арнаған мыңдаған энергетиктер. Олардың білімі мен іске деген адалдығы 2-ЖЭО-ның қиын жылдарды аман қалуына және қазіргі таңда сенімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Осы тарихқа үлес қосқан және жалғастырып жатқан барлық адамдарға рахмет! Біздің станция болашақта сенімділік, прогресс пен кәсібилік символы болып қала берсін.