«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кәсіпорындар тобының қызметкерлері арасында үстел теннисінен турнир өтті

Бүгін  «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ  кәсіпорындар тобының  қызмткерлері  арасында спартакиаданың екінші кезеңі өтті.  

Үстел теннисі бойынша жарыс  «Қарасай» спорт кешенінің кең залында өтті. Энергетиктар матчтардың басталуына дайындалып жатқанда, жанкүйерлер   айтарлықтай нәтижелерді күтіп «айқайларды»  құрастырды.  Әрбір қатысушы ракеткадағы шеберлігін көрсетуге ұмтылды.    

Жарыс лайықты өтті,  секіріп-ұмтылу,   ракетканы  әрбір періп-жіберу маңызды болды.  Жарыстар қорытындысы бойынша үздік болып «Солтүстік Қазақстан ТЭК» АҚ құрама командасы атанды,  тұғырдың екінші сатысына «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ  құрама командасының спортсмендері көтерілді, қола «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС командасында.    

Осы жылдың мамыр айының соңында жоспарланған, спартакиаданың келесі кезеңінде энергетиктерге суда  жүзуде өздерінің күші мен төзімділігін көрсетулері керек.