Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың қатысуымен өткізілген жұмыс мәжілісінде «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кәсіпорындарының басшылары жылу беру маусымы қалай өтіп жатқаны, төмен температуралар жағдайда энергожүйесінің сенімді жұмысын қалай қамтамасыз етіп жатқаны туралы айтты.
Екі апта бойы аяз тұрғанымен байланысты Петропавл 2ЖЭО, «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ және «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС персоналы күшейтілген режимде жұмыс жасап жатыр. Жабдықтарды қарап шығу және маңызды тораптар жұмысына тексерістер өткізу саны көбейтілді, жөндеу персоналы мен бөлімшелер бойынша жауапты жұмыскерлердің тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылды.
Бұл кезеңде Петропавл 2ЖЭО энергия генерациясы бекітілген кестеге сәйкес штаттық режимде қамтамасыз етіледі.
«Тұтынушылардың жылумен жабдықталуы жылу тасымалдаушысының тапсырылған парамерлеріне сәйкес жасалып жатыр. Отын қорына ерекше назар аударылады. 2026 жылғы 26 қаңтар күні бойынша көмір қоры 199 603 тонна құрайды, ол 64 000 тоннаға негізгі отынның нормативтік қорынан асады. Мазут қоры – 1 900 тонна, оның нормасы 300 тонна», – деді «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры Анатолий Казановский.
Аяз күндері жылдам әрекет ету үшін «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ және «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС кәсіпорындарында кезекшілік жасайтын және апаттық қалпына келтіру бригадалары күшейтілді. Жұмыс техникасы жылы бокстарға қойылуымен тәулік бойынша кезекшілікке ауыстырылды. Осы жұмыстардың барлығы технологиялық бұзылу туралы хабарға жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді және тұтынушыларда болуға мүмкін әртүрлі электр-, жылу жабдықтауындағы бұзылуларының алдын алуға мүмкіндік береді.
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов осындай экстремалды жағдайда «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ персоналының кәсіпкерлігін жоғары бағалады және қабылдаған шараларының кешені қатты аяз күндері кезінде барлық аймақты жылу және жарықпен сенімді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін белгілеп кетті.


