Құрметті тұтынушылар!
«Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС беріктік пен тығыздыққа жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізуді аяқтады.
Тексеру барысында 93 технологиялық бұзушылық айқындалды. Ақаулары бар учаскелер жөндеуге енгізілді.
21 мамырдан бастап сынақтардан сәтті өткен, магистральдарды кезең-кезеңімен іске қосу басталады. Ыстық сумен қамтамасыз етуді қалпына келтіру үшін процесті МИК және МИБ төрағалары бірлесіп жүргізеді.
22 мамырдан бастап жылу беруді қалпына келтіру туралы өзекті ақпарат
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ сайтында «Жоспарлы ажыратулар» бөлімінде жарияланатын болады.
Гидравликалық сынақтар ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізілетінін, еске саламыз. Олардың мақсаты-жылу беру маусымы басталғанға дейін құбырлар мен жабдықтардағы ақауларды уақтылы айқындау.