2025 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша  «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС  алдағы жылыту маусымына қаланың жылужелілік  шаруашылығын  дайындау бойынша жұмыстардың едәуір  көлемін орындады. Негізгі күш инфрақұрылымды жоспарлы жөндеуге және жаңартуға бағытталды. 

Есепті кезеңде кәсіпорын мамандары жылу коммуникацияларына қызмет көрсету бойынша ауқымды жұмыстар жүргізді: 

-2 387 метр магистральді және тарату құбырлары ауыстырылды;  

- 151  бірлік бекіткіш  арматура ауыстырылды;

- 16 жылу камераларына жөндеу жүргізілді;

-  Ұзындығы1 654 метр  учаскелерде жылу оқшаулау жаңартылды.

«Орындалған жұмыстар алдағы жылу беру маусымында  жылумен жабдықтау сенімділігін айтарлықтай арттырады – деп, «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС  бас директорының м.а. Виталий Холоша  атап өтті  - Біз ең жоғары жүктемесі бар  учаскелерге және тарихи проблемалық бағыттарға ерекше назар аударамыз».  

Ұзақ мерзімді жаңғырту бағдарламасы аясында  Ружейников к. бойы №6 жылу магистралін қайта жаңарту  жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда:   

-  Ұзындығы 217 метр құбыр учаскесі ауыстырылды;

- Ружейников және Гоголь к. қиылысындағы негізгі жылу камерасы қайта жаңартылды;  

- Бекіткіш қондырғы орнатылды.  

Сонымен қатар, алдағы 5 жылдық кезеңге жаңғырту бағдарламасына енетін, жылу желілерінің жаңа учаскелерінің жобалық құжаттаамасы әірленуде. 

Кәсіпорын жылумен жабдықтауды басқару процестеріне заманауи технологияны енгізуді жалғастыруда:

- Орталықтандырылған жылумен жабдықтауға технологиялық қосылуға өтінімдерді өңдеудің автоматтандырылған жүйесі іске қосылды;  

- Электронды кеңсе арқылы құжаттарды тапсыру мүмкіндігі қамтамасыз етілді.  

Жартыжылдықта жаңа объектілерді қосуға 85 техникалық шарт берілді.  2025 жылдың 1 шілдесі жағдай бойынша  бұрын берілген техникалық шарттар бойынша 3 көпқабатты тұрғын үй, 7 жеке тұрғын үй мен 10 заңды тұлғалардың объектілері орталық жылумен жабдықтауға қосылды.    

Кәсіпорын мамандары алдығы жылу беру маусымына  жан-жақты дайындықты бастап кетті.

 «Жылу желілерінің үзіліссіз жұмыс істеуі біздің жұмысымызға ғана емес, сонымен қатар  үйшілік жүйенің уақтылы дайындығына байланысты- деп, Виталий Холоша атап өтті.- Қала тұрғындарын және басқарушы компанияларды жылу беру маусымына  қарай  үйшілік жүйені  тексеруге жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Бұл  алғашқы күндерден бастап үйлерде жайлылықты қамтамасыз етуге көмектеседі.