Жалпы республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтетін дәстүрлі экологиялық іс-шара «Таза бейсенбі» энергетиктердің басын біріктіруді жалғастыруда.
Бұл жолы аумақтарды тазартуға облыстың 8 ауданының мамандарын қосқанда«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ-ның 110 қызметкері қатысты. 2 бірлік арнайы техниканың көмегімен 3 тонна қоқыс шығарылды. Сондай-ақ, Петропавл 2-ЖЭО-ның 78 жұмысшысы бірлескен күшпен және 4 арнайы техниканың қолдауымен 4 тоннадан астам қалдықты шығарды.
Мұндай апта сайынғы сенбіліктер жүйелі түрде тәртіпті сақтауға және қоршаған ортаны жақсартуға үлес қосуға мүмкіндік береді. Біз тазалық марафонын жалғастырып, экологиялық эстафетаны келесі аптаға жолдаймыз!
.jpg)

