ЛОРД мектеп-лицейдің оқушылары «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ жүрегінде болды
ЛОРД мектеп-лицейінің оқушылары үшін кәдімгі оқу күні екі әлемге -энергетика мен тірі тарихқа саяхатқа айналды. Алдымен «ми орталығына» — «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ орталық диспетчерлік қызметке барды. Мұнда, балалар жыпылықтайтын карталар мен кестелерге қарап, диспетчерлердің үлкен энергия жүйесін басқарып отырғанын, көрді. Оларға жарық сөнген сәттен бастап энергияның үйлерге оралуына дейінгі сигнал қандай қиын жолдан өтетінін және қала мен облыс өмірінің ритміне бригадалардың үйлесімді жұмысына байланысты екенін, түсіндірді.
Содан кейін топ «Саланг» әскери-патриоттық клубқа барып, өткен кезеңмен танысты. Компанияның электргазбен дәнекерлеушісі Александр Азеговтың басшылығымен тарих қалпына келді: нағыз қару-жарақ және ұйып тыңдаған әңгімелер оқушыларды Ұлы Отан соғысының ұрыс даласынан Ауғанстан тау асуларына дейін жеткізді.
«Мұндай қуатты құрылымның жұмысын ішішнен көру керемет болды. Ал «Салангте» біз кітаптан ғана білген, тарихпен таныстық. Бұл күн міндетті түрде есте қалады!» —деп, тоғызыншы сынып оқушысы Даниал Сәлтай әсерімен бөлісті.
Осындай экскурсиялар— болашаққа деген шағын көпір. Өйткені 9 сыныпта мамандық таңдау басталады. Бұл күн балалардың ой-қаблетін кеңейтіп қана қоймай, жақын арада оларды энергетиктер қатарына қосатын біреуде ұшқын тудырды деп, үміттенеміз.

