«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ-да кезекті өртке қарсы оқу-жаттығулар өтті.

Оқу-жаттығу міндеттері:

  • Қызметкерлердің өрт кезінде бағдарлау және шешім қабылдау қабілеті;
  • Қызметкерлердің зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсету қабілеті;
  • Қызметкерлердің алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану қабілетін тексеру.

Сценариий бойынша тұтынушыларға қызмет көрсету орталығының ғимаратындағы электр қалқанының жанында өрт шыққан. Қызметкерлер эвакуацияланғаннан кейін түтінге оранған үй-жайда бір адам қалғаны белгілі болды.

Өрт орнына жеткен ТЖ бойынша басқарманың бөлімшелері өртті тез арада сөндірді және зардап шегушіні ғимараттан алып шықты.

Оқу-жаттығулар барысында персоналдың төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге дайындығы тексерілді. Кәсіпорында өртке қарсы оқу-жаттығулар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.