«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ энергетиктері Қауіпсіздік техникасы күнін өткізді. Ішкі комиссия өкілдері бас кәсіпорын базасындағы, сондай-ақ аудандық электр желілері бөлімшелеріндегі жұмыс орындарында еңбек жағдайларын тексерді.
Мамандар орындалатын жұмыстардың қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкестігіне, жеке қорғаныш құралдарының жай-күйіне, сондай-ақ жұмыстарды қауіпсіз ұйымдастыру үшін еңбек жағдайларын жақсарту мәселелері бойынша қызметкерлермен ашық диалог жүргізуге ерекше назар аударды.
Мұндай іс-шаралардың мақсаты – өндірістік қауіпсіздікті нығайту, жұмыс орындарындағы проблемалық тұстарды анықтау және оларды жою бойынша жедел шаралар қабылдау. Компанияның кез келген нысанындағы әрбір қызметкердің қауіпсіздігі мен денсаулығы – «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобының басты басымдығы!.png)
