«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ-да энергетиктердің «Әділет» партиясының өкілдерімен кездесуі өтті. Қызметкерлер сайлауалды бағдарламаның негізгі басымдықтарымен танысып, қала тұрғындарын толғандырған өзекті мәселелерді көтерді. Кездесуде көтерілген негізгі тақырыптар: энергетика саласындағы мамандықтарды дәріптеудің маңыздылығы, солтүстік аймақтың инфрақұрылымын дамыту, баспана қолжетімділігі, сондай-ақ цифрлық және азық-түлік қауіпсіздігі.

Кездесуде қала жолдарының жай-күйіне ерекше назар аударылды. Мысалы, Шәжімбаев көшесінің кәсіпорын үшін стратегиялық маңызы бар: дәл осы жол арқылы жедел-шығу бригадалары күн сайын шақыртуларға аттанады. Шұңқырлардың тереңдігі мен жолдың бұзылуы салдарынан арнайы техника технологиялық бұзылу орындарына жету үшін бағалы уақытын жоғалтады, ал бұл қалалықтардың үйлерінде электр қуатын қалпына келтіру жылдамдығына тікелей әсер етеді.


23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді, оған қатысу — әрбір азаматтың осындай жергілікті және ауқымды шешімдерге ықпал ету құқығы.