«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ-нда Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту (ЭКСЖ) ұлттық жобасы бойынша шаралар жоспарланды, олар жабдықтар тозығын азайтуға, және де аймақ тұтынушыларын сенімді және үзіліссіз электрмен жабдықтауға бағытталған.
«Компания 11 жоба жоспарлады. Барлық нысандар бойынша мердігерлік ұйымдармен шарттар жасалды», – деді «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ бас директорының міндетін атқарушысы Александр Елисеев.
Бұл шаралар дайындығының бағасын Қазақстан Республикасы Премьер министрінің орынбасары Мирас Зерипбаев инспекциялады.
Өтуге қиын батпақ жерде орналасқан 35/10 кВ «Мехколонна-60» қосалқы стансасының қайта құруына ерекше назар аударды.
Жұмыстар тізіміне кіреді:
Жерді қабат-қабатпен 90 см көтеру, әр қабатты міндетті түрде тығыздап және соңғы қабатына қиыршық тас төсемені жасауымен тігінен жоспарлау.
Сыртқы жиынтық тарату құралғысын заманауи блоктық-модульдік ғимаратқа (БМҒ) ауыстыру.
10 кВ май ажыратқыштарын вакуум ажыратқыштарына ауыстыру.
Электр энергияны бақылау және есепке алу бойынша автоматтандырылған жүйесін (ЭБЕАЖ) енгізу.
Диспетчерлік басқару және мәліметтерді жинау жүйесін (SCADA) енгізу.
Шаралардың орындауы жабдықтардың тозуын азайтады, электрмен жабдықтау сенімділігі мен пайдалану қауіпсіздігін көтереді, және де автоматтандырылған мониторинг жасау және есепке алу, электр желілерді жылдам басқару сияқты заманауи принциптеріне өту мүмкіндігін береді.
.png)

