«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-да өндірістік процестердің қауіпсіздігі жай талап емес, корпоративтік құндылық болып табылады. Компания әр жұмыс орнында қауіпсіз жағдай жасау бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда және бүгінде үздіктердің үздіктерін атап өтуде.


«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы үздік қызметкер» номинациясы бойынша дипломдармен марапатталды:
Петропавл 2-ЖЭО-ның13 қызметкері
«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ 29 қызметкері

Барлық аталған мамандар компания нысандарында тәуекелдерді азайтуға және қауіпсіздік мәдениетін арттыруға қосқан үлесі үшін сыйақы алды. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және персоналдың әлеуметтік қорғалуын арттыру «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ негізгі басымдықтары болып қала береді.

Әріптестерімізге энергожүйенің апатсыз жұмысына жауапты көзқарасы, кәсібилігі және жеке үлесі үшін алғыс айтамыз. Жаңа табыстар мен жетістіктер тілейміз!

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінде «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ жетістік қоржыны ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің СҚО бойынша департаментінен және СҚО кәсіптік орталығынан бірден екі марапатпен толықтырылды:

«Үздік қауіпсіздік қызметі» — «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау басқармасына қауіпсіздік мәдениеті мен профилактикалық жұмыстың жоғары деңгейі үшін Алғыс хат табыс етілді.


«Үздік техникалық инспектор» — Құрмет грамотасына «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ Шал ақын электр желілік ауданының қосалқы станцияларын жөндеу тобының электр қосалқы станциясының бастығы Юрий Кичигин қауіпсіз еңбек жағдайларын белсенді қоғамдық бақылағаны үшін ие болды.

Әріптестерімізді лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз! Сіздің еңбегіңіз-бұл өңірдің энергетикалық жүйесінің тұрақтылығы құрылатын іргетас.