«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-да 2024 жылдың тарифтік сметаның, инвестициялық бағдарламаның орындалуы және жөндеу науқанының қорытындысы туралы есеп берілді.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-да 2024 жылға компания қызметі туралы жұртшылық тыңдалым өткізілді. Кездесуде Компания басшылығы бекітілген тарифтік сметаның, инвестициялық бағдарламаның орындалуы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақталуы туралы есеп берді.
2024 жылғы 16 ақпаннан бастап жылу энергиясын өндіру бойынша қызметке тариф 4 278,10 теңге/Гкал құрады. Алайда, 1 шілдеден бастап 2023 жылдың қорытындысы бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің артуына байланысты тариф төмендетіліп, 4220,16 теңге/Гкал құрады.
Петропавл 2-ЖЭО директоры- Дмитрий Захаров компания жоспарлы көрсеткіштерді артығымен орындағанын, қатысушыларға хабарлады. Сонымен, 2024 жылға арналған жылу энергиясын өндіру бойынша қызметке тарифтік смета 1 828 мың Гкал мөлшерінде жылу энергиясын жүзеге асыру көлемі көзделген, нақты 1867 мың Гкал жүзеге асырылды. Ал 7,6 мың Гкал жоспарлы көлемде бу түріндегі жылу энергиясы 12 мың Гкал жүзеге асырылды.
2024 жылы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ негізгі өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізіп қана қоймай, жабдықтарды жаңғырту бойынша стратегиялық жобаларды жүзеге асыруға кірісті.
«2024 жылдың қорытындысы бойынша инвестициялық бағдарламаны нақты орындау 2,9 млрд. теңгені құрады. Осы қаражат есебінен №№3,6 қазандық қондырғыларының пик қазандықтары ауыстырылды, №2 қазандық агрегаты қайта жаңартылды, №9 қазандық агрегаты күрделі жөнделді, №1 турбоагрегатты қайта жаңарту үшін тауар-материалдық құндылықтардың бір бөлігі жеткізілді"- деп, Дмитрий Захаров атап өтті.
2024 жылға арналған жылу энергиясын өндіру бойынша тарифтік сметамен 483 млн. теңге сомасында жөндеуге шығындар көзделген. Жөндеу қоры аясында №1 қазандық агрегатына күрделі жөндеу, 9 қазандық агрегаты және 5 турбоагрегаты ағымдағы жөндеу, турбина цехының жылу жабдығына және отын-көлік цехының жабдығына жөндеу жүргізілді, №2 турбоагрегаттың сырғымалы сақинасы ауыстырылды, ресурсты ұзарту үшін қазандықтарды, турбиналарды, ыдыстарды, құбырларды және қосалқы жабдықты куәландыру жүргізілді.